lat: AS
Адам баласының қоректік заты, тағамы; ішіп-жем, тамақ.
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп (Мақал).
Бұл - батальонның ас дайындап жатқан жері. Онда жүргендер - аспаздар, отыншы-сушылар (Б.Момышұлы, Москва.).
Ірімшік - қазақтың сүйікті асы. Ол орта температураға да, ыстық-суыққа да шыдамды (Е.Оразақов, Дәрігерлік.).
2. көне.этн. Қадірлі, атақты адамның қайтыс болғанына бір жыл немесе бірнеше жыл өткен соң, ең үлкен жолын жасап өткізілетін ұлан-асыр той; ас та төк ұлы жиын.
Мырзалар күміс тұрман шалқалап жүр,
Кедейлер отын шауып арқалап жүр.
Күңірентіп Сағынайдың көр моласын,
Осындай ас боп жатты Арқада бір (І.Жансүгіров, Өлеңд.).
Исі Кіші жүздің жақсылары бас қосқан үлкен бір аста Басықара Жетірудың деміне нан піскен мырзасы Мәмбетпен егесіп қалады (З.Шүкіров, Сарша тамыз).
Абай ендігі жайды туыстармен даусыз, талассыз, мүмкін болса тіпті үнсіз-ақ атқарыспақ. Сөйтіп, жиын байлау жасап, Оспанның жылын енді жиырма күнде беретін болды. «Ас» демей, «жылы» деп жариялауға ұйғарысты (М.Әуезов, Абай жолы).
Осыдан біраз ай бұрын Алаштың қос арысы - Ахмет пен Міржақыпқа Торғай төсіндегі астан кейін халық тіпті арқаланып алған екен (С.Абдрахманов, Елдік сыны).