АСА

lat: ASA

 Ауызды толтыра тамақ жеу.

Ол жақтың тамаша екен аспаны да,

Тауы мен көрінбейді тастары да.

Қарыс қазы, қой құйрық астау-астау,

Турамай бүркітше асап, қарттары да

(К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Асап тоймаған, жеп тоймайды (Мақал).

Ол бес тостағанды үсті-үстіне жұтып жіберіп, жаубүйректен азғана асады да, қоштасып жүріп кетті (М.Әуезов, Таңд.).

 Біреудің есесінен пайда табу, жем қылу.

- Ей, Жембасар, бастықпын деп бір асайсың,

Еселеп кеп тағы асайсың (Қ.Қуанышбаев, Өлеңд.).

Олар жоқты сылтау қылып, араға кіріп бірдеңе асап қалуға оңай жол іздейді («Айқап»).

Есебін тапқан екі асайды (Мақал).