АШЫТҚЫ

lat: ASHYTQY

нанды және т.б. тағамды ашытып дайындауға арнайы сақталған қамыр қоры. Нан, бауырсақ, шелпек пісірер алдында келесі жолы ұн илеуге деп ашыған қамырдан жұдырықтайын алып, шұңғыл үлкен кесеге аз ғана жылы су қосып сақтап қояды. А.-ны ұн илейтін жылы суға езіп пайдаланады. А. болмай қалсакөршілерден сұрап алады; ондайда ыдысымен береді. Қамыры ашыған соң ыдысына ашыған ұнынан салып қайтарады, құр қайтаруға болмайды, сақтаулы қамыр әбден ашып, тасып барып, томпайған сыртқы беті кеуіп тұрады. Оңтүстікте А.-ны қамыртұрыш деп те айтады. Қор жоқ болған жағдайда, ұн илегенде аздаған айран, қымыз қосып А. орнына пайдаланады. Ол жоқ болса нанды суға салып қойып, әбден жібігенде қамырға қосып илеп те ашытуға болады.