АСПАН

lat: ASPAN

з а т. Төбедегі атмосфералық кеңістік, көк, әуе 

А с п а н  ала шұбар бұлт. Ызыңдаған күзгі таң бойды шіміріктіреді. Жер бозқырау (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Күркіреп а с п а н,

Ойнатты-ау дейсің жасыңды,

Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды.

Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды,

Кешірім сұрап,

Бөрі де оған бас ұрды (М.Мақатаев, Шығ.).

Жем басқан жерінде қайқаңдап біраз отырып, ителгі көтеріліп ұшып а с п а н ғ а шықты (С.Бегалин, Таңд.).

Естідің бе а с п а нн ы ң күрсінгенін?

Сол менің саған деген тылсым демім.

Ұйықтап жатса оянсын, ояу болса,

Күңіренген жанымды білсін дедім (М.Мақатаев, Шығ.).