АСПАН

lat: ASPAN

(пар. асман آسمان) аспан.

Мұның асық болғаны пері қызы, Аспанға ұшқан құсты кім ұстайды? («Сейпілмәлік». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Күбіге “һида” деді әфсүн оқып, Күрілдеп күбі кетті аспанға ұшып («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).

Бұл оқты бисмилла деп аспанға атсаң, Шығады дұшпанының табанынан («Қисса Мәлік Хасен». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).