АССОРТИМЕНТ

lat: ASSORTIMENT

з а т. Іріктеп, талғап алынған әртүрлі заттар мен тауарлардың, сұрыптардың жиынтығы; түржинақ.

Фабрика соңғы уақытта өнім ассортиментін молайта түскен екен, әсіресе, шоколад түрлері көбейген («Лен. жас»).

Ассортимент - бір атаудағы өнімнің (қызметтердің) жиынтығы (іріктемесі),

Ассортимент атаулары, түрлері, сұрыптары, таңбалары, мөлшерлері, артикулдары т.б. бойынша нақтыланады (Қаз. тілі термин. Экономика.).