өндірісте — шығарылатын бұйымдар түрі; саудада — бұйымдардың түрлері және сорттары. Ассортимент дегеніміз — белгілі бір белгі бойынша жинақталған тауарлар жиыптығы. Ассортимент өндірістік және саудалық, болып бөлінеді. Өндірістік ассортимент белгілі бір кәсіпорынмен (кәсіпорын ассортименті) немесе белгілі бір өндіріс саласында (сала ассортименті) шығарылатын бұйымдарды біріктіреді. Саудалық ассортимент — көтерме немесе бөлшек желі арқылы өткізілетін тауарлар номенклатурасы. Ол кәсіпорын ассортиментіне (дүкен, база) және тауарлық топ ассортиментіне (кондитерлік, сүт, ет және т.б. тауарлар) бөлінеді.