АСТРОФИЗИКА

lat: ASTROFIZIKA

з а т. ғ ы л. Аспан денелері мен жұлдызаралық материяның табиғатын, химиялық құрамын және оларда өтетін процестерді зерттейтін ғылым.

Астро-физика жеке ғылыми пән ретінде телескоптың жасалуынан кейін дами бастады (ҚСЭ).

Кометалар мен метеорларды зерттеу астрофизиканың басты проблемаларының бірі (ҚСЭ).

Астрофизика институтының арнаулы комиссиясы астрономиялық жаңа аспапты - планета аспабын қабылдап алу туралы актіге жақында ғана қол қойды («Лен. жас»).