lat: ASTRONOM
з а т. ғ ы л. Астрономия ғылымының маманы.
XIX ғасырдың бас кезінде астрономдар телескоппен Уран дейтін планетаның айналуын тексерген (М.Мұқанов, Бақылау.). Мысалы, астрономдар (көк ғылымына жетік адамдар) айтады: Марста біздің жердің ауасындай ауа бар, суындай су бар, ендеше жердегі сықылды Марста да жан иесі бар дейді (М. жұмабаев, Шығ.). Үнді астрономдарының еңбектері орта ғасыр заманында араб астрономиясының өркендеуіне үлкен ықпал жасады (А.Көбесов, Математика.).
Ең алғаш Жұлдыз каталогтарын оңтүстік елдерінің астрономдары жасады (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).