lat: ASYLZADA
(ар.пар. асыл заде زاده اصل) – текті.
Асылзада Махмұди, сенің атың, Артылған әр пендеден салтанатың («Сейфүлмәлік». Ғашықнаме, 1976).
Ағаеке-ау, асылзада сен бір ерсің, Жадағай жапан түзде кез келесің («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (Бейсенбай нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).
Тірі әкелсін, – деп едім, – тапқан адам, Жаны-тәні пәк еді асылзадам («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).