АСЫҚ ОЙЫНЫ

lat: ASYQ OIYNY

қазақы ортада ерекше кең тараған ұлттық ойынның түрі, оны көшпелі этномәдени орта тудырған төлтума өнер ретінде де бағамдауға болады. Ойынның негізгі объектісі де, құралы да асық.