АТ ОЙЫНДАРЫ

lat: AT OIYNDARY

атқа байланысты ұлттық ойын түрлері. Яғни ат жарыстыру (бәйге түрлері бірнешеу), жорға жарыстыру, қыз қуар, көкпар тарту, аударыспақ, ат үстінде садақ тарту (жамбы ату), теңге ілу, ат омырауластыру, атты ордан қарғыту, мүше алып қашу, жорға жарыс, тай жарыс, құнан жарыс, тоқбәйге және т.б.                                                                                                                    Қазақтар тойларда өткізілетін әртүрлі ойын-сауықтарда ат үстінде сан алуан өнер көрсеткен. Ат құлағында ойнаған көшпелілерде жылқы негізгі көлік және түрлі шикізат көзі болғандықтан, жеке мініс аты жоқ, жылқысы жоқ адам болмаған. Сондықтан, ер қанаты ат демекші, жақсы ат жеті қазынаның біріне саналып, көшпелі өмірде аса маңызды орынға ие болды. Шабандоздардың қимыл-қозғалысынан-ақ иесінің ниетін дәл сезетін арнайы көкпар аттары болды. Ал жүйрік пен жорға ұстау үлкен мәртебеге саналды.