АТАУЫЗ

lat: ATAÝYZ

(Гур.: Маңғ., Шевч., Есб.; Қ.орда: Арал, Жал., Қарм., Қаз.; Ақт.: Ойыл, Ырғ., Қараб.; Орал: Орда, Казт., Чап.; Түрікм.: Таш., Ашх., Жеб.; Қарақ.) тістеуік.

Атауызды әперші, шеге суырайын (Гур., Маңғ.).

Атауыз ағаш ұстасы мен темір ұстасына бірдей құрал (Қ.орда, Жал.).

Балам, атауызды әперіп жіберші (Ақт., Қараб.).

Мына шегені суыру үшін атауыз керек болды (Орал, Орда).

Сыбайдагы атауызды сұрап, алып келің (Түрікм., Ашх.).

Әрбір ұста дүкенінде атауыз қолдан жасала береді (Қарақ.).

[Түрікменше атагзы (Рус.-туркм. сл„ 1956)]. 2. (Өз6„ Бүх.) қысқаш.