lat: ATLAS
(ар. атлас اطلس) – жібек матаның бір түрі.
Жайдырып атлас , харир көшесіне, Орнатып көшік сарай гауһар жапты («Қисса Сейпілмәлік шаһзада – Бәдіғұлжамал перізат». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).
Атластан тақыт сайын перде жайып, һәр тақытта бір тоты мәселе айтып («Қисса Шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).
Шайы, әдірес, атлас , қымқап, торғын, мауыт, Асыл тас, алтын-күміс, тілла, зері («Орқа – Күлше». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).