lat: ATMOSFERA
з а т. 1. Жерді қаптап тұрған ауа қабаты.
Атмосфера жердің ең сыртқы ауа қабаты (А. Машанов, Жер асты.).
Атмосфераны шартты түрде үш қабатқа: тропосфера, стратосфера, ионосфера деп бөледі (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).
Жерге аман-есен келу үшін жер атмосферасына килігер тұста корабльді тежеп, траекториясын шамалы өзгерту керек («Лен. жас»).
2. а с т р. күн, жұлдыз сияқты аспан денелері мен планеталарын қоршап түрған ғаз тектес қабат.
Егер күн атмосферасы жоқ болса, онда фотосферадан келген жарық тұтас спектр берер еді (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).
Шолпанды қоршаған қою атмосфера бар екенін, 1761 жылы Шолпан Күн бетін басып өткен кезінде М.В. Ломоносов ашқан еді (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).
Жер - өзіне тән ерекшелігі бар физикалық дене.
Оның ішкі қабаттарында, бетінде, қоршап тұрған атмосферасында өзара байланысты түрлі құбылыстар болып тұрады. Оны геофизикалық құбылыстар дейді (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур.).
3. ф и з. Ауа қысымын өлшейтін бірлік.
Қысымы 6-9 атмосфера мөлшерінде ұсталады (Ж.Жиенбаев, Астық дақыл.).
4. а у ы с. к і т. Қоршаған орта; әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық жағдай.
Құдайшыл әріп жаттаушылар мен фанатиктердің ұстаған тымырсық атмосферасынан ақылды бала Шығыстың атақты классиктерінің шығармаларына ұмтылды (ҚазССР тарихы).
Осы аудиторияныңатмосферасы тамаша (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).
Ашық сырласып, әңгімелесетін атмосфера жасау керек («Лен. жас»).