lat: ATOM
з а т. 1. ф и з. Заттың ядро мен электроннан тұратын өте кіші бөлшегі.
Оқымыстылар бұрын атомды заттың бөлінбейтін бөлшегі дейтін-ді.
Кейін оның протонға, нейтронға және электронға бөлінетіндігі анықталды (М.Мұқанов, Бақылау.).
Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады (ҚҰЭ).
Атом гректің «атомос» деген сөзінен шыққан, оның мәні «бөлінбес» деген сөз (Б.Айдарханов, Атом қуаты.).
2. х и м. Химиялық элементтің өте кіші бөлшегі.
А т о м жай және күрделі заттардың молекулаларының құрамына кіретін химиялық элементтің ең кіші бөлшегі (Б.Бірімжанов, Жалпы химия).
Молекулалар құралатын, химиялық бөлінбейтін өте кішкене бөлшектерді атом деп атайды (Химия). Сутегінің төрт атомы төрт валентті көміртегі атомы арқылы ғана СН4 молекуласы болып қосылады (Орган. химия).