АТҚАРУШЫ БИЛІК

lat: ATQARÝSHY BILİK

«биліктің тармақталуы» заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің, яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік заң шығарушы биліктен тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке және үкіметке (президенттік республикаларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сонымен қатар Конституцияда көзделген реттерде Парламент алдында есеп береді. Үкіметтің қүзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі болып табылады.