АТҚЫШЫЛ

lat: ATQYSHYL

(Түрікм.: Таш„ Көнеүр., Тахта) мерген.

Шахидың баласы атқышыл, тіпті машал құстың өзін де атып алады (Түрікм., Таш.). Белгіліде Бегей бар, Бег сауытты Жанақ бар, Атқышылда кедей бар, Сүйінқара, Салақ бар, Белгілі ердің бәрі бар (Түрікм., Көнеүр.).

[Түрікменше атыджы мылтық атушы адам (Рус.-туркм. сл., 1956, 747); қырғ. аткычыл атушы (К. Юд., КРС, 79); осы мағынада хакастарда атыгчы (Хак.-рус. сл., 1953, 35). Ертедегі жазба ескерткіште атгучы атқыш, садак атушы (Э. Надж., ИССТЯ, 157)].