lat: ATTAÝ
Атта етістігінің қимыл атауы.
Алда тұрды өмірдің баспалдағы
Аттау қиын демеусіз жас жанға әлі.
Семьяның тірегі әке бізге
Жұлдыздай боп көрінді аспандағы (2,338).
Үш арудың батасымен көктеп қорған тапқанда,
Ғажайып жол қарсы алдыңда кең ашылып жатқанда,
Әл-дәрменің келмей тұр ма алға батыл аттауға ? (5,14).