АТТАУ

lat: ATTAÝ

май, қаймақ шайқайтын аспап. Оны тегене немесе шараға құйылған қанжылым сүтке жартылай малып тұрып, таяқшасын екi алақан арасында ысқылай айналдырып, май шайқайды. А. ағаштан жасалады, қазіргі кезде өте сирек кездеседі.