Аттың жалқұйрығын сүзіп тарайтын құрал. Алғашында ағаштан жасалып, қолға ұстайтын сабы болса, кейінірек сүйектен немесе мүйізден жасалған. Қазіргі аттарақтың металл тістері дөңгелек қалақшаға қағылып қойылады. Қалақшаның сыртында қолға киетін жалпақ баулық болады.