өз мүшелерінен белсенді іс-әрекетті талап ететін, қатаң орталықтандырылған жүйемен басқарылатын саяси ұйым. Бұл ұйымдар жұмысшы қозғалысының дамуы барысында туындады. Авангардтық партия мүшелеріне аса жоғары талаптар қойылады, партияның жұмысы үнемі бақыланады, партиялық тәртіп қатаң сақталады. Мұндай партия билікке келсе, әкімшілік жүйенің бір бөлігіне тез айналып кетеді. Мыс., бұрынғы социалистік елдерде жетекші рөл атқарған коммунистік партиялар әкімшіл-әміршіл тәртіптің бір бөлшегі болды. Авангардтық партия дамушы елдерде де кездеседі. Қазақстан Республикасының Ата Заңында идеологиялың және саяси әр алуандылық мойындалатындығы, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейтіндігі (5 бап, 1 тармақ) көрсетілген.