Малай архипелағы (Индонезия, Филиппин), Малакка жарты аралында, Үндіқытайда, Океанияда, Мадагаскар аралында, Тайвань аралында таралған. Австронезиялық тілдердің саны – 800-дей, ал сөйлеушілер саны – 250 млн адамға жуық. ХІХ ғ. бастап австронезиялық тілдер 4 тармаққа бөлінеді: индонезиялық, полинезиялық, меланезиялық және микронезиялық. Соңғы аталған 3 тілді «океания тілдері» деп де атайды. Австронезиялық тілдер полисиллабикалық тілдерге жатады, түбір морфемалар көбінесе екі буыннан құралған. Сөзжасамдық тәсілдерден аффикстерді (префиксті) қолдану, редупликация және сөздерді біріктіру кездеседі. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (чам, малай, ява, буги, бали, тагал т.б.) үнді, араб жазуы қолданылады. Әдеби австронезиялық тілдерде латын жазуы кең тараған. Алғашқы рет австронезиялық тілдерді В.Гумбольдт зерттеген (1836–39 жж.).