lat: AVTOMATIZM
(грек, automatus — қаз. өз бетінше әрекет етуші, өздігінен қозғалатын) — психологияда сананың (бақылауынсыз) тікелей қатысуынсыз іске асатын әрекет.
Автоматизм “алғашқы” туыла берілетін шартсыз-рефлекторлық бағдарлама негізінде, және “екінші” өмір тіршілігінің барысында қалыптасады.
Автоматизм адамның өміріндегі қажеті, мүддесі мен күш-жігерінің белсенділігіне сәйкес туып, дамып отырады. Автоматизм көбіне әдет пен дағдыға тән.
Қимыл-әрекетті автоматтандыру адамнын жүйке, бұлшық ет қызметін жеңілдетеді, күш-жігерін үнемдеп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді. Шартты рефлекс байланыстарының (динамикалык стереотип) тұрақты жүйесінің пайда болуы автоматизмнің физиологиялық негізіне айналады.
Сөйтіп, екінші сигналды жүйенің бірқатар байланыстарының орнын бірінші сигналды жүйе байланыстары иемденеді. Қалыпты жағдайда Автоматизм саналы түрде реттелетін әрекеттің компоненті болып табылады.
Автоматизмнің бөлектенуі патологияға меңзейді. Олар моторлық, тілдік және интеллектуалдық автоматизмдерге бөлінеді.
Автоматизм жалпы психологияда да (дағдылардың қалыптасуын зерттеуде), сондай-ақ қолданбалы психологияда да (медициналық, инженерлік) зерттеледі. Мыс., ол жестикуляцияда, жүрісте, соматопиялық қалыптардың пайда болуында көрініс табады.
Генетикалық туа біткен факторлармен себептенетін шартсыз-рефлекторлық бағдарламалардың іске асуы болып табылатын “алғашқы ретті” автоматизм және адамның ортада тіршілік іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасатын “екінші ретті” Автоматизм ажыратылады. “Екінші ретті” Автоматизм нәтижесінде жағдайлар, эпизодтар, жағдаяттар мен саналы бағдарлауды қажет ететін операция-әрекеттер иерархиясы арасында байланыс тұрғызылады.
Осылайша, болмыста, жағдаятта және әрекеттерді орындаудың өзіңде бағдарлау қажеттілігінің өзі элиминацияланады. Мыс., мәнді оқиғалардың пайда болуы немесе белгілі бір жағдаяттарда сигналды-стимулдық қасиеттердің пайда болуы тура сол сәтте адамда операциялардың бүкіл ретін жібереді. Алайда қандай да бір қате жіберілген күнде немесе бөгеттердің пайда болуында деавтоматизация (операцияның өздігінен орындалмауы) жүзеге асады.
Автоматизм адамның өміріндегі қажеттілігі, мүддесі және күш-жігерінің белсенділігіне сәйкес туып, дамып отырады. Автоматизм көбінесе әдеттер мен дағдыға тән. Қимыл-әрекетті автоматтандыру адамның жүйке, бұлшық ет қызметін жеңілдетеді, күш-жігерін үнемдеп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді.
Шартты рефлекс байланыстарының, тұрақты жүйесінің пайда болуы (динамикалық стереотип)
Автоматизм физиологиялық негізіне айналады. Әдетте, моторлық, вербалдық және интеллектуалдық, автоматизм деп бөліп көрсетеді. Бірақ, сонымен қатар. сезімдік-эмотивті Автоматизм бөліп шығаруға болады. Олар коммуникация, қарым-қатынас жағдайында (әсіресе әйел мен еркектің кездесуі мен қарым- катынасы жағдайында) орын алады. Осылайша, Автоматизм негізінде автоматтандырылған тізбекті рефлекс немесе өздігінен болатын тізбекті рефлекс жатады. Жүру, жүгіру және т.б. кезіндегі афференттік қозудың алмасып отыруы осыған мысал болады.