АВТОР

lat: AVTOR

(лат. auctor жаратушы, негізін қалаушы) өнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ мәдени-әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым. Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор категориясы шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады, көркемдік жүйе түзуші бірегей қабілет, ерік иесі автордың шығармашылық процеске қатыстылығы байырғы мифтердең, фольклор туындыларынан да бажайланады. Алайда ежелгі мәдениеттер кеңістігінде автор тұлғасының дара шығармашылық сипатынан гөрі, сакральды, медиаторлық белгісі басым еді. Гегельдің айтуынша, мифология өнердің қайнар көзі, бірден-бір қойнауы болған көне дәуірде автор үшін дара өмірлік материалды, оны- көркемдік тұрғыда қайта қорытудың дара тәсіл, құралдарын іздеудің мүмкіндігі де, қажеттілігі де болмаған. Яғни, автор тіршілікті, әлем сырын мифтік қанондар бойынша жырлайтын абыз-медиум, дәнекері-түсіндірмеші рөлін орындаған. Антика дәуіріндегі шығармашылық «Мен» жайын парықтай келіп, Ницше ежелгі суреткерге құдайлар еркін паш ететін, көркемдіктің бастапқы, сәби, дионистік (Дионис көне грек пантеоныңдағы құдайлардың бірі) процесін тудырушы сәби суреткер деген баға береді Француз структуралисы Р. Барт та бағзы қоғамдардағы жыршы әңгімеші, бақсылардың «перформациялық қызметіне, яғни, орныққан кодтарды ғана пайдалана отырып, баяндайтынына назар аударды. Бұл пікірлер белгілі дәрежеде қадым заманғы мүсінші суретшілікке, сазгерлікке қатысты. Мәселен, бір үрдіс, бі.в /ягі- мен қашалған түркі ескерткіштер» балбалдарды (тас мүсіндері венгер ту ындысы деп қабылдағанмен оларды дербес авторлық қиял нәтижесі ретінде мойындау мүмкін Гегель шығармашылығы автор ретінде даралануы орта ғасырлардың, соңында, жаңа кездегімен, Қайта өрлеу дәуірінде Еуропа елдерінде XV ғ. өткен V- ХVІ ғ. аяғы, ал соның ішінде Италияда XIV ғ-н (басталады) басталғанын айтады. Бұл құбылыс жеке /бас еркіндігін, жеке тұлға құндылығын, жеке адамға деген шексіз сенім, құрметті дәйектейтін. Қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің негізгі принципінен туындаған болатын. Қайта өрлеу дәуірі ұрпаққа адамзат мәдениетінде өшпес із қалдырған ұлы авторларды, өз туындыларында суреткердің шығармашылық дербестігін, эстетикалық, әлеуметтік мұратын мейлінше айқын көрсеткен классиктерді сыйлады (Петрарка, Сервантес, Шекспир, Полициано, Боккачо, т. б,). Ағылшын эмпиризмі, француз рационализмі анықтай түскен шығармашылық тұлға даралығы XIX ғасырдағы позитивизм эстетикасының басты мәселесіне айналды. Суреткер тұлғасы, автордың жеке адам ретіндегі таным, түйсігі, жан толқынысы романтизм эстетикасында да ерекше орын алды. Кейінірек, XIX ғ. ұлы реалистерінің оқырманды суреткердің ішкі әлеміне жетелеп, оның өмір тәжірибесінен, моральдық, көркемдік принциптерінен туған ой-толғаныстарымен таныстыратын шығармаларында автордың өзіндік бейнесі мүмкіндігінше жан-жақты сомдалған-ды. Төл әдебиетімізде автор бейнесінің тұлғалануы дербес қазақ атымен аталатын әдебиеттің қалыптасу кезеңімен (XV ғ. орта шеңі) тұспа-тұс келеді (М. Мағауин). Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың толғауларынан сол толғауды жырлаған орта ғасырлық көшпендінің өмірге көзқарасы, ерлік, адамгершілік туралы түсінігі, ұшқыр қиялы, арман-мұраты, бір сөзбен айтқанда, өр тұлға, бөлек бітімі елес береді. Әйткенмен, әлемдік өнертануда автор категориясы туралы ортақ тұжырымдық жоқ екендігін де ескерту қажет. XIX ғ. француз ақыны С. Малаларменен басталған («жазу деген жеке тұлға ретіндегі даралыққа қатысы жоқ әрекет») шығармашылық про цестегі жеке «меннің», автордың дербес тұлға екендігін мойындамайтын, терістейтін идея қазіргі структурализм, семиотика мектептеріндегі негізгі принциптердің бірі. Доскенов Ғ.