АВТОРЛЫҚ ҚОЛЖАЗБА

lat: AVTORLYQ QOLJAZBA

әдеби шығарманың автордың өз қолымен жазылған түпнұсқасы. Шығарманың авторлық қолжазбасы болуының үлкен мәні бар. Бұл авторлық текст басылымдар тұсында қандай өзгеріске ұшырағанын білуге, пайымдауға, қажет жағдайда ғылыми-текстологиялық түзетулер жасап, алғашқы нұсқасын қалпына келтіруде мүмкіндік береді. Ертерек кездегі қазақ әдебиетін зерттеудегі бір қиындық шығарманың авторлық қолжазбасы сақталмауы. Мысалы, Абай шығармаларының басым көпшілігі бізге Мүрсейіт қолжазбасы арқылы жетті. Кейбіреуі кейінірек білетін адамдардың айтуынша жазылып алынды... Бекниязов Т.