АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

lat: AVTORLYQ QUQYQTYŃ PAIDA BOLÝY

авторлық құқық шығарманы қандай да бір объективті нысанда жасаған кезде пайда болады және күшіне енеді. Авторлық құқықтың пайда болуына және жүзеге асуына шығарманы арнайы тіркеуге алу қажет болмайды. Ерекше құқық өз құқықтарын жариялау үшін шығарманың әр данасына қойылатын және үш элементтен: «С» латын әрпінен, қоршалған (С) - ерекше құқық иесінің аты (атауы), шығарманың бірінші жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін қолдана алады.