АЗ

lat: AZ

ет. 1. Арықтау, жүдеу, ару .

Көремін оба, озбырлық, ойран салған қырғынды,

Түрмеге түскен сорлылар, азаппен азып , қылғынды (3,304).

2. ауыс. Дұрыс жолдан таю, бұзылу; азғындау .

Мен азғанмен , сен сертіңнен айныма,

Бізге ортақ қуаныш та, қайғы да (1,82).

Өмірім бар, өкпем де бар, наз-мұң да,

Аңдап көргей, өзім жайлы жаздым ба?!

Қаршадайдан өмір кешіп саз, құмда,

Ақылымды ат тепті ме, аздым ба?! (3,76).