lat: AZA
(ар. аза عزاء) – қайғыру.
Патшаның көңілінде азасы бар, Перінің түсте көріп туған айын («Қисса Зияда, Шаһмұрат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Аза бермеу – қайғыға салмау. Ешкімге аза бермеді , Қыздан да зият қылығы («Қамбар батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).
Аза беру – қорлық көрсету. Ол мені ұрып-соғып аза берді , Кеулімде кінә болып жүрер еді («Орқа – Күлше». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).
Аза қылу [ету, тұту] – өлген адамды жоқтау, есіне алып аза тұту. Ағеке, сен алмасаң інің таза, Неше күн сенің үшін қылдым аза («Шәкір-Шәкірат». Қисса-дастандар, 1986).
Үш-төрт күн Ғалисина етті аза , Інісі Харис үшін болған қаза («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Соңғы соққан өзімен – жүзге жетті, Құшақтап жалғыз ұғлын аза етті («Әбушақыма». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Қамамның шейіт болып өлгеніне, Қайғырып, аза тұтып отырысты («Орқа – Күлше». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).
Азаншы хазіреті ол Біләлді, Үммәйе Меккеде аза қылған («Қисса Бәдір». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).
Аза салу – қинау, ренжіту. “Қызыңды хан, Қарабай, жау алды!” деп, “Суым бер” деп барды да, аза салды («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (Бейсенбай нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).
Көңілге осылай деп аза салған , “Алла деп” қуып берді өңшең бағлан («Әмірзада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).