АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАР

lat: AZAMATTYǴY JOQ ADAMDAR

қандай да бір мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдар (бір мемлекеттің азаматтығын жоғалтып, басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандар немесе ешбір азаматтығы болмай туылғандар). 1954 жылы Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесі бойынша конференциясы мұндай адамды «қандай да бір мемлекеттің және оның заңнамасына сәйкес азаматы болып саналмайтын адам» деп анықтады.