АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

lat: AZAMATTYQ QOǴAM

адамдардың қалаулы ерік білдіру саласы үнемі кеңейтіліп отырылатын, мемлекеттің олардың іс-әрекеттеріне ықпал ету, араласу мүмкіндігі шектелген әрі қатаң белгіленген қоғам түрі. мұндай қоғамды қарым-қатынастары азаматтық құқықпен реттелетін, саяси мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке адамдар, олар құрған ерікті қауымдастықтар және институттар (отбасы, мектеп, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары, өндірістік, шығармашылық және басқа да ортақ мүдделерге сүйенген бірлестіктер, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар) құрайды.