АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

lat: AZAMATTYQ QOǴAM

мемлекеттен тыс және оған тәуелсіз мүдделер мен құрылымдар қатынастарының жиынтығы. Азаматтық қоғамның орталығында өзінің қажеттіліктері мен көзқарастары, құндылықтары бар жеке тұлға тұрады. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекетпен тығыз байланыста және оның негізі болады. Ал құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның дамуына қажетті жағдайларды жасайды.