АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ

lat: AZAMATTYQ QORǴANYS KÚSHTERİ MEN QURALDARYN JUMYLDYRÝ DaıarLYǴY

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшуге даярлық дәрежесі. Ол АҚ күштерінің штат құрылымымен, орналасуымен, жеке құраммен және техникамен жарақтандыруға, жұмылдыру бойынша олардың келіп түсу қарқындылығына байланысты және әскери уақыттың штаты мен соғыс жағдайындағы жұмыс режиміне көшуге қажетті уақытпен бағаланады.