lat: AZAT
(пар. азад ازاد) – бостандық, еркіндік, бостандық беру, еркіндікке шығу.
Әмірзада бұл жігітке құлдық ұрды, Азат қып бұл киікті қоя берді («Әмірзада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Қылыпты тамам құстың бәрін азат , Байғыздың бұл сөзіне көп болып шат («Сүлеймен мен Байғыз». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Патша айтты: Үш назым бастасын ол, Мен азат қылғанымша саспасын ол («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).
Кім оқыса, тамұқтан азат қылдым, Анасы һамма сүре – Фатиқаны («Миғраж» дастаны». М. Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Өлгенімше өзіңе өзім құл боп, Азат қылып артыңда жүрер едім («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).
«Мен дағы бұл қайғыдан құтылдым» деп, Жіберді қырық құлын азат қылып («Әмірзада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
“Бізді қойсын, Құдайға құл болсын” деп, Құл мен күңнің бәрін де азат қылды («Қозы Көрпеш» (М.Ж. Көпейұлы нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).