қара сөздегі текстің әр кестесінің алдыңғы жолын қатарынан сәл шегіндіріп (бірнеше әріп сыярлық бос орын қалдырып) бастау. Бұл текстің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөлшектерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан текстің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Сондықтан да абзац пен абзац арасындағы сөйлемдерде мағыналық тұтастың болады. Ол ой жинақылығын аңғартады. Абзац оқырманның тексті байыптап түсінуіне көп жеңілдік келтіреді. Текстің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді. Әр абзацтың соңғы жолы үстіңгі жолмен бірдей тең, толық аяқталып отыруы шарт емес. Кейде қысқа қайырылуы мүмкін. Өйткені белгілі бір ой аяқталған жерде сөз де бітіп, одан кейінгі жол әрі қарай жалғаспай ашық, бос орын қалады. Мұнан соң келесі абзац қайтадан жаңа жолдан басталып отырады. Бекниязов Т.