АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ

lat: AZIaÁ JÁNE AFRIKA HALYQTARYNYŃ YNTYMAQTASTYQ UIYMY

отаршылық езгіден арылу, дамушы елдерге көмек көрсету, бейбіт қатар өмір сүру, ядролық қаруға қарсы тұру қағидаттарына негізделген халықаралық ұйым. 1958 ж. Азия және Африка елдері өкілдері қатысқан Каир конференциясында құрылды. Үкіметтік емес ұйым ретінде БҰҰ-ң мүшелігіне қабылданды. Алжир, Вьетнам, Ангола, Мозамбик және т.б. елдердегі ұлт-азаттық көтерілістерді қолдауда маңызды рөл атқарды. Қазақ комитеті 1961 ж. сәуірде құрылып, М.Әуезов алғашқы төрағасы болып сайланды. 1955-1987 жж. аралығында бірнеше форумдар өткізілді. Ағылшын, француз, араб, орыс тілдерінде «Азия-Африка халықтары» атты журналдары шығып тұрды. ұйым 1990 жылдардың басында тарады.