lat: AZYN-SHOǴYN
(Орал, Чап.; Қ.орда: Арал, Қарм.) азды-көпті, азғана.
Тұра тұр, мына жерде азын-шоғын шаруам бар еді (Орал, Чап.).
Мектептің оқушылар коллективі мұндай азын-шоғын істеген жұмыстарына қанағаттанып қалмайды («Екп. жол», 11.06. 1959).
Колхозшылардың қоғамдық шаруашылығын өркендетуге азын-шоғын еңбек үлесімді қосып келемін («Қ. ту», 7.09.1956).
Жиде ағашы бұл маңда азын-шоғын ғана.
Көмек туралы ойласқан мақұл болар еді... балаларына азын-шоғын қаражат жиып берерміз. (Ә. Сәр., Тол. туғ., 79)
... Теңізге тор жайғанда ау көзін азын-шоғын балық қағатын (Ә. Нұрп., Сең, 250).
[Әзірбайжанша аз-чох (Азерб.-рус. сл., I, 1962, 80);
түр. азын өте аз (Тур.-рус. сл., 1977, 85);
хак. чох жоқ (Хак.-рус. сл., 1953, 321).
Көне жазба ескерткіштердің бірінде азын-азын (Э. Надж., ИССТЯ, 193).
Осы тілдік деректерден шығатын қорытынды азын-шоғын ерекшелігі азды-жоқты қос сөзінің басқа түркі тілдері әсерінен пайда болған дыбыс өзгерісіне түскен түрі деп жорамал жасаймыз].