lat: Abaı boldy
а) Сақ болды, алды-артын байқады.
Қағып-сүртіп киімін,
Киінер кезде абай бол,
Еріңнің жаға-жеңіне (Базар жырау, Шығ.).
Абай бол, ауылға тезірек жетуге тырыс. Біз де тез қайтып қалармыз (Ә. Әлімжанов, Махамбет.).
Ауру малды союшылар тазалық сақтап, абай болуы қажет (Т.Тілеуғалиев, Ет эксперт.).
в) Көз болды, бағып-күтті, қарады.
Өзге жылқышыларға екеуің баскөз боп, малға жақсырақ абай болғайсыңдар (З.Жәкенов, Таң самалы).
Қыстауға ерте кірсек, бүрге шығады және ешкі-лақтарға абай болайық деп бұлар түн салқындаса да далада жататын (М.Иманбаев, Жеткіншектер).