lat: Abaıla
ет. 1. Байқау, сақ болу.
Мен талай көргенім бар осындайды,
Өз мінін кім аңғарып, абайлайды?
Мысалы, бидің жеген парасын айт,
Көрсетер көзін қысып ауылнайды (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Абайламай айтып қалғанына кемпір қысылып, - өзіміздің балалар ғой, бұлар ешкімге айтпас, - деді (Б.Майлин, Шығ.).
Бірінші соғысқа жас жауынгерлерді абайлап салу керек (Б.Момышұлы, Жауынгер.).
2. Барлау, бағдарлау.
Бүгін мұнда кез болдың, Құдай айдап,
Атыңды естіп жүруші ем, сырттан сайлап.
Тасыр болса, талғамай тап берер деп,
Түні бойы сынадым сізді абайлап (Ш.Кұдайбердиев, Шығ.).
Бұлардың ойлап тапқан сұмдықтарын,
Ылаж не, біліп тұрмын мен де абайлап (Базар жырау, Шығ.).
3. ауыс. Сақтау, қастерлеу.
Ақындарың бұлттанғанда сөкпеңдер,
Нөсерлетіп бір керім.
Ақын жасын абайлаңда, төкпеңдер,
Көзелерге кұйыңдар да.
Сіміріңдер, күндерім! (М.Мақатаев, Шығ.).