lat: Abadan
зат. Қасқырдың топтанған әуегінің (үйір) көсемі, күшті де мықты бастаушысы.
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрелер,
Һәр бірінің баласы,
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айрылса,
олардың һәр біреуі
һәр бір итке жем болар (Алдаспан).
Қасқырдың абаданын оңаша қуып кеткен Өтегенді көрген олар оның артынан қосылады (Қ.Тауасарұлы, Түп-тұқиядан)