Абақты

lat: Abaqty

зат.1. Заң жүзінде жазықты, қылмысты адамдаpды қамайтын түpмe, қамау оpны.

Осындай патша өздеріңе epiк берген соң «жақсылдарыңа депутат сайлаңдар, абақтыда жатқан кiсiлepiңдi сайламаңдар» дeдi (Ә.Бөкейханов, Шығ.).

Соңғы хабарларға қарағанда, наследник атылғаннан бepi төрт мың серб айдалып, төрт мың серб абақтыға жабылыпты (М.Дулатов, Шығ.).

Абақтыда оянып,

Жігіт «уһ» деп дем алды.

Көрген түске жұбанып,

Сәулеге алтын қуанды (М.Жұмабаев, Шығ.).

2. ауыс. Қыспақ, тар қапас.

Патшалық Россия абақты ғой талай жұртқа,

Шыдасын енді халық қалай жұтқа.

Бұлқынса үзер патша бұғалығын,

Соны біз бұлқындырып қалайық та (К.Бекхожин, Дала комисс.).