АББРЕВИАТУРА

lat: Abrevıatýra

(лат. ab бастапқыдан, brevio қысқарту) қысқартылып жазылатын сөз тіркесі. А. екі түрі бар.

1) Инициалдық аббревиатура. Бұл қысқартылып жазылған сөз тіркесіндегі басқы әріптерден немесе дыбыстардан ғана құралған аббревиатура. Мысалы, ҚР (Қазақстан Республиқасы), ҰҒА (Ұлттың Ғылым Академиясы), ЕЕТА (Егеменді елдердің телеграф агенттігі). Сондай-ақ «т. б.», «т. с. с.» (тағы басқалары, тағы сондай сондайлары) сияқты аббревиатуралар да кеңінен қолданылады.

2) Буындық аббревиатура (күрделі қысқартылған сөз). Бұл сөз тіркесіндегі сөздердің бастапқы буындарынан немесе алғашқы сөздегі бастапқы буын мен соңғы сөздің тұтастай тіркестірілуінен құрылатын, басқа да жолдармен жасалатын аббревиатура. Мысалы, ұжымшар (ұжымдық шаруашылық). ҚазТАГ (Қазақ телеграф агенттігі), автокөлік (автомобиль көлігі). Аббревиатура ғылыми әдебиетте, баспасөзде, ресми құжаттарда көп қолданылады. Арагідік, көркем әдебиетте де ұшырасып отырады. Мысалы: 2) Жүр едім сол екеудің ізін шалып, ГПУ-дың солдаттары келіп қалып, «Қашқынмен хабарласып жүрсің ғой», деп, Әкетті Бақанасқа ұстап алып. (Шәкәрім) Доскенов Ғ.