Абсурд

lat: Absýrd

(латынша absurdus - орынсыз, үйлесімсіз, мәнсіздік, қарама-қайшылықтағы ой. Орта тасырда тек логикалық категория ретінде қолданған. А. Камюдің шығармашылығында философиялық мәнге ие болады. Мағынасыздық адамзат өркениетінің тағдыры. Осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады, - дейді француз ойшылы өзінің Сизиф туралы миф деген туындысында. Бұл ой бағыты белгілі дәстүрге айналып, XX ғасырдың екінші жартысында С. Беккет, Э. Ионеско есімдерімен әйгіленген абсурд драмасын тудырады.