Дәстүрліден индустриалды қоғамға өту кезеңінде қалыптасқан және әлеуметтік күштердің уақытша балансын көрсететін айрықша әлеуметтік-саяси жүйе. Абсолюттік жүйенің қалыптасуы жалпы мемлекеттік бюрократиялық машиналардың, кәсіпқой тұрақты әскердің, жалпы мемлекеттік салық жүйесінің, жалпы мемлекеттік сот-тергеушілік аппаратының, заңнаманы үйлестіру және әкімшіліктік ұйымдастырушылықтың, өлшем және салмақ жүйесі, мемлекеттік шіркеудің пайда болуы, бірыңғай мемлекеттік экономикалық саясатын жүргізуімен (протекционистік) қатар жүреді. Саяси сипатына байланысты абсолюттік тәртіптің ішінде ағартушылық абсолютизм ерекшеленеді (жалпыхалықтық шоғырлануға, жаңа әлеуметтік топтарды асиимиляциялауға, соның ішінде протекционистік саясатты жүргізу арқылы, ағартушылық идеологиясын қолдауына, жалпыхалықтық сыртқы экспансия саясатын жүргізуге бағдарланған мемлекеттік жүйе), консервативті абсолютизм (феодал әлеуметтік топтарының қызығушылығындағы сақтаушы саясатқа, дәстүрлі діл жүйенің мұраттарына (идеал) сүйенетін, көпшіліктің салттық саяси тәртібінің стереотипіне бағдарланған мемлекеттік жүйе), деспоттық абсолютизм (династияның, сұрқиялардың немесе патшаның саясаттың мақсатын анықтауда айтарлықтай жеке асыра сілтеушілігімен өзінің қызығушылығында саясатты жүргізуге бағдарланған дербестендірілген мемлекеттік жүйе), теологиялық абсолютизм (мемлекеттік құрылымның құрамында шіркеудің айрықша рөлімен, өз қолында саяси және діни билікті шоғырландырған абсолюттік монарх бір уақытта ұлттық шіркеу басшысы болып табылатындығымен ерекшеленеді), ошақтық абсолютизм немесе жергілікті (жергілікті сословиелік монархия тәртібіне және жалпымемлекеттік мақсатты жергілікті конфессионалдық, саяси-құқықтық, әлеуметтік ерекшеліктерді ұлғайтып көрсетуге негізделіп мемлекеттік орталықсыздандырылу жағдайында қалыптасатын мемлекеттік жүйе).