АБСОЛЮТИЗМ

lat: AbsolútIZM

[лат. absolutus шүбәсыз, шектеусіз] мемлекеттік басқару түрін білдіретін ұғым және монархиялық тәртіптегі елде саяси билікті ұйымдастыру әдісі. Бүкіл билік тізгіні бір адамның монархтың қолына шоғырланады. Деспоттық, тоталитарлық тәртіптерге карағанда абсолютизмде биліктің жасырын шектелуі бар: экономикалық (пікір алуандығының (плюрализмнің) болуы), әлеуметтік (әлеуметтік құрылымның әркелкілігі, әсіресе, мұрагерлік аристократияның болуы), саяси (саяси дамуға мүмкіндіктің болуы), идеологиялық (идеологиялық әркелкілікті өзіне қауіп көрмейді).