Абстракция

lat: Abstraksıa

(лат. аbstractio дерексіздік, бөлініс, оқшаулық, "көңіл аудармау") таным процесінде бір тектес нәрселер тобына тән жалпы, мәнді қасиеттері мен белгілерін мәнсіз белгілерінен ойша бөліп алып, тұжырымдалған жалпы ұғымды және басқа ойлау формаларын білдіреді, яғни шынайылықтың (реалдылықтың) бейнесін ойша бағамдау деп айтуға болады. Абай бұл сөзді «ой суреті» деп аударған.