lat: Abstraksıa
Абстракция (латынша abstractio - дәрексіздену деген терминнен шыққан, оны Аристотель қолданған, грек терминнің аудармасы ретінде Боэций енгізген) - таным жақтарының, формаларының бірі, оның мәні заттардың бірқатар қасиеттерінің және олардың арасындағы қатынастардың ойша дерексізденуінде және әлдебір қасиеттердің немесе қатынастарының бөлініп шығуында, жіктелуінде. Абстракция процесінде адамның кейбір субъектілік мүмкіндіктерінен де дерексізденуіне тура келеді. Мысалы: натурал сандар қатарын «санап шығу »мүмкін емес, бірақ соған қарамастан осындай мүмкіндіктен дерексізденуде актуальды (яғни «саналған», «аяқталған») шексіздік абстракция жасалады. Абстракция процесі әр түрлі ұғымдардың пайда болуының қажетті шарты болып табылады. Ол былай тұрсын, кез-келген таным жалпы абстракция процестерімен байланысты. Онсыз заттың мәнін ашу, заттың мәніне бойлап ену мүмкін емес. Заттың жіктелуі және онда елеулі жақтардың бөлініп шығуы, оларға «таза» күйінде жан-жақты талдау жасау –ойлау жүйесінің абстракцияланған әрекеттің нәтижесі. Практика ғылымға енгізген абстракциялардың қаншалықты шынайы ғылым болып табылуының өлшемі болмақ. Абстракция жемісінің –ұғымдардың, идеялардың-дүниенің мәніне және түп негізіне айналуы философияға тән. Позитивистік сарындағы қазіргі номинализм ғылым үшін жоғары деңгейдегі абстракциялардың қажеттігін теріске шығарады, сөйтіп оны өмір шындығын бейнелеудің аса маңызды құралдарынан, оның потенциалдық эвристикалық мүмкіндіктерінен айырады. Диалектикалық логикада абстракция ұғымы сондай-ақ нақтылықтан өзгеше, біржақтылық, дамымағандық мағынасында қолданылады. (абстрактылық және нақтылық)