Абстракция

lat: Abstraksıa

(лат. abstractio - ойша бағамдау), шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру. Ойша бағамдау арқылы заттың, немесе құбылыстың қарапайым жобасын жасайды, ал толтыру арқылы оны күрделендіріп, түрлік нобайына алаңдамай, танымдық мәні бар ғылыми таңбаға айналдырады. Абай бұл сөзді ой суреті деп аударған.