бұл ұғым анау немесе басқа абстракцияның рационалдылығының дəлелдеу шегін жəне оның «пəндік ақиқаттылығын» жəне эмпириялық, логикалық тəсілдермен алынған, бағдарлама арқылы анықталатын қолдану шегін көрсетеді. Методологияға «абстракция аралығы» деген ұғымды енгізуінің қажетті себептеріне ғылыми абстракцияны дəлелдеу идеясы, соған қоса, абстракциялау процестері мен нəтижелері қатысты. Зерттеуші таным процесінде абстракциялауға қажетті ережелерімен, нақты қойылған мақсатымен жетеді. Ғылымда əр алаңдаушылық акт ақиқатқа жету мақсатпен негізделген соң, танымдық іс-əрекетте де адамның абстракцияға деген қабілетінің ерекшелігін ескеруді қажет етеді. Бірінші, объектті тану процесінде абстракцияның нəтижесі үшін сол алаңдау заттан жат болып, ал абстракталған объекттің мазмұнын толтырушы релевантты болу керек. Екінші, зерттеуші қандай шекке дейін алаңдаудың заңды күші белсенді екенін білу керек. Үшінші, күрделі объектілерді зерттеу барысында оның шектерінің көп өлшемді кеңістіктегі проекция жиынының концептуалды жайылуын шығару қажет. Төртінші, нақты бір кезеңде абстракциялау аралығына қатысты концептуалдық жиынды ортақ конфигурацияға біріктіріп, осы объектінің келешек көріністерінен алаңдау қажет.