Абырой

lat: Abyroı

жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіретін моралдық ұғым,адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моралдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория. Абырой жеке адамның өз-өзіне деген талапкерлігі негізделетін, өзіндік сананың бақылау формасы; бұл талаптар ерекше жекелік формасын қабылдайды: өз абыройыңды аяқ асты етпейтін іске бар. Сөйтіп абырой ар-ұжданмен қатар-адамның қоғам алдындағы өз борышы мен жауапкершілігін саналы түрде түсінудің бір тәсілі. Жеке адамды қадірлеу, оның құқығын мойындау және т.б талаптардан тұратын жеке адамның абыройы сонымен қатар оған деген қоршаған адамдар мен жалпы қоғамдық қатынастарда реттеліп отырады. Осы жағдайдың екеуінде де абырой жеке адамның әлеуметтік және моральдық бостандығының маңызды жағы болып табылады. Идеалистік этика абыройды негізін жеке адамның әлеуметтен тыс (құдайшыл,табиғи, «адамның өз тегіндегі») мәнінен іздейді жеке кісінің абыройын қоғамның заңдарына,талаптарына мен құқықтарына қарама-қарсы қояды. Маркстік этика абыройды бірінші рет алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы сонымен бірге жеке адамның қалыптасуы кезінде пайда болған әлеуметтік тәуелді және тарихи, бірақ таптық қоғамдарды қайшылықты көріністерде болатын қатынас деп қарайды.